Тегас – газ бөлуші және компрессорлық қондырғылар, арнайы техника
Өнімге тапсырыс беру үшін оттегілік қондырғыларға сұрау парағын жүктеп алыңыз

Оттегілік қондырғылар – өндірушіден ұсыныс

Тегас әлемдік деңгейдегі азоттық қондырғыларды әзірлейді. Біздің өнімдердің арасында инновациялық бекеттер сияқты әлемде алмастырушысы жоқ қондырғылар бар. Біздің өнімдер Ресей мен ТМД елдерінде ғана емес, жақын және алыс шетелдерде де пайдаланылады.

Әр қондырғы нақты тапсырыс берушіге орай дайындалады – климаттық шарттар, мақсаттар, сонымен қатар Тапсырыс берушінің қаржылық мүмкіндіктері ескеріледі: лизингтік компания арқылы өтеу мүмкін.

Азоттық қондырғыларды жасаумен айналысатын қызметкерлер – құрылымдаушылар мен дәнекершілерге дейін – нақты сала бойынша көпжылдық тәжірибелі. Біздің мамандар – Ресейдің үздік мамандарының қатарынан. Тегас Компаниясы қызметкерлерді таңдау мәселесіне аса жауапкершілікпен қарайды.

Өндірістен басқа Тегас туынды қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді: қызметкерлерді құрылғымен жұмыс істеуге үйрету, кепілдіктік және кепілдіктен кейінгі азоттық қондырғылардың жабдықтау, қосалқы бөлшектер әзірлеу және жеткізу.

Оттегілік қондырғылардың үлгілері

Тегас Компаниясы оттегілік қондырғыларды негізгі екі нұсқасын ұсынады:

Жылжымалы –шассиде КАМАЗ, КрАЗ, УРАЛ, МЗКТ

Жылжымалы оттегілік қондырғы – бұл жету кұрделі нүктеге өзі жете алатын оттегінің көзі. Оттегілік қондырғы – толығымен автономдық, автоматтандырылған кешен, ол атмосфералық ауадан сығылған оттегін алады.
Алынған оттегін баллондарға сығу мүмкіндігі бар.

Блоктық-модульдік– жылжытуды талап етпейді

Блоктық-модульдік оттегілік қондырғы – бұл қаңқаға жабдықталған, ашық аспан астында тегіс жерге орнатуға жарамды оттегілік бекет. Кәсіпорынның пневможүйесіне оңай интеграцияланады. Сонымен қатар бекеттің автоматикасы да өндіріс автоматикасына интеграцияланады. Қондырғының өзі жүк, теңіз, темір жол, әуе көліктерімен тасымалданады.
Алынған оттегін баллондарға сығу мүмкіндігі бар.

Басқа да қызметтер

Тегас тапсырыс берушіге кез келген түрде оттегін алу бекетін дайындауды ұсынады. Арнайы ерекше үлгіге тапсырыс беру үшін – талап етілетін нұсқаны сұрақтық парақта сипаттаңыз.

Оттегі алу технологиясы

Біздің өндірістің оттегілік қондырғыларында ауаны бөлудің мембраналық немесе адсорбциялық технологиясы қолданылады.

Мембраналық технология: сығылған ауа көптеген қуысты талшықтардан тұратын мембраналар арқылы (қуыс түтіктер) өтеді. Оттегі осы түтіктердің қабырғалары арқылы шығады, ал азот түтіктер бойымен өтеді. Нәтижесінде мембрана шығысында – оттегіне қаныққан газ пайда болады, келесі басында –газ тәрізді азот. Мембраналық әдіспен алынатын оттегінің тазалығы – шамамен 50%.
+ ең сенімді технология, ұзақ қызмет мерзімі, жабдықтаудың қарапайымдылығы. Мұндай қондырғыны ауа тұндырғышы ретінде де пайдалануға болады.
- азоттың тазалығы аса жоғары емес (жеткілікті, бірақ көптеген қолданыстар үшін).

Адсорбциялық технология: қысымды ауа камераға толтырылады, адсорбентпен толтырылады, ол азот сіңіреді. Сәйкесінше камерадан оттегі шығады. Адсорбент камерасы оттегіне қаныққан кезде ауа осындай екінші камераға ауысады, ал біріншісі бұл кезде үріліп, оттегін ығыстырады. Бұл – қысқа ауысымды адсорбция (ҚАА).
+ оттегі тазалығы (мембраналық технологиямен салыстырғанда) аса жоғары - 95% дейін, қуатты тұтыну аса төмен.
- беймобильдік, пайдалану шарттарына талапты.

Сонымен қатар криогендік технология да бар газ бөлу: ауаның құрамдастары (азот, оттегі және басқалар) температура әр түрлі болғанда сұйылтылады. Сәйкесінше, ауаны түрлі температураларға дейін салқындата отырып одан кезегінше құрамдастарды ажыратады. Сұйық түррінде.
+ аса таза өнім (оттегі - 99,9999% дейін), бір уақытта бірнеше өнім алу мүмкіндігі, өнімдерді сұйық күйде алу, аса жоғары өнімділік.
- үлкен пішіндер және күрделілік. Криогендік қондырғылар – бұл ең алдымен қондырғылар емес, құрылғылар кешені.

Сіздің өндірісіңізге оттегілік қондырғының қандай түрі сай келетіндігін түсінуге қондырғы түрлерінің тиімділігінің диаграммасы көмектеседі:

Оттегілік қондырғылар мен бекеттердің экономикалық тиімділігінің диаграммасы түрлер бойынша
Оттегілік қондырғылар мен бекеттердің экономикалық тиімділігінің диаграммасы түрлер бойынша

Оттегілік қондырғыға тапсырыс беру

Оттегілік қондырғыға тапсырыс беру үшін – оттегілік қондырғыларға қатысты сұрау парағын жүктеп алыңыз, оны толтырыңыз және бізге +7(861)279-06-09 (автоматты түрде) номері бойынша факспен немесе email-ге жолдаңыз info@tegas.kz.

Үш жұмыс күні ішінде (әдетте – бір – екі күн ішінде) біздің менеджерлер мен құрылымдаушылар Сіз үшін негізді ұсыныс дайындайды. Қажет болған жағдайда аса маңызды назар бөлінетін сәттерді Сізбен өзіңіз сұрау парағында көрсеткен телефондар арқылы байланысу негізінде нақтыланады.

Сізді толғайтын сұрақ қою үшін, Сіздің өтініштің күйін білу үшін, біздің өндірістік нысандарға келу сапары туралы келісу үшін, болмаса біздің маманның Сіздің кәсіпорынға келуін анықтау үшін +7(861)299-09-09 (көп арналы) телефонына қоңырау шала аласыз немесе электрондық поштаға info@tegas.kz хат жолдай аласыз.

Оттеглік қондырғылар – қауіпсіздік шаралары

Оттегілік қондырғылар, оттегілік жабдықтар сияқты қауіпсіздік шараларының сақталуын талап етеді, оларды үнемі есте сақтау керек. Негізгі сәттер:

• ашық от пайдалануға байланысты жұмыстарды оттегілік қондырғы 10 метрден жақын болмайтындай қашықтықта атқару;
• оттегілік бекеттер бөліп шығаратын оттегінің қысымын өлшеу барысында көк бояулы манометрлерді пайдалану;
• цехқа редуцирленген, қысымы 10 атмосферадан артық болмайтын оттегін беру;
• оттегілік бекеке тек оқыған маман ғана қызмет көрсетуі керек.

Оттегі майлармен немесе май өнімдерімен әсерлескенде тұтану немесе жарылыс тудыруы мүмкін. Сондықтан:
• оттегілік бекет ке қызмет көрсететін тұлғаның киімі мен қолында май дақтары немесе жұғындары болмауы керек;
• пневможүйе бөлшектерін алмастыру барысында немесе оттегінің қысымын өлшеу кезінде майлы дақтары бар саймандарды пайдаланбаңыз.

Барлық қауіпсіздік және қолдану нормаларын сақтау барысында оттегі бекеті Сізге сенімді және адал түрде ұзақ жылдар бойы қызмет етеді.
Таңдаулыға қосу
Өнім каталогтары PDF-те

Сұрау парақтары
өнімге тапсырыс беру үшін


Азоттық қондырғылар:

Жылжымалы - шассиде

Блоктық-модульдік - жайды талап етпейді

Компрессорлар:

Ауалық блоктық -модульдік

Ауалық – базалық үлгілер

Газдық – базалық үлгілер

Сыққыштар - ауа, басқа да газдар

Оттегілік қондырғылар

Қондырғыларды жабдықтау

Қызметкерлерді оқыту



Біздің алармандар:


Газпром


Лукойл


Роснефть


Сургутнефтегаз


ТНК-BP