21-25 маусым 2010 жыл
«21» маусымнан бастап «25» маусым аралығында Мәскеуде 13- Халықаралық мұнай-газ кешендеріне арналған қондырғылар мен технологиялар көрмесі - «Мұнай-газ-2010» болып өтті

«Қызылжар Компрессор Зауыты» ЖШҚ «Тегас» Компаниясымен бірлесе отырып осы көрмеге белсене қатысты.
Компанияның көрмелік тақтасы жаңа дизайнерлік шешімдерді қолдану арқылы орындалған болатын және ол көрменің көптеген қатысушылары мен қонақтарының назарын тартты.
Аса басым назарға ие болған қондырғы туынды мұнай газын жоюға арналған қондырғы (МКС сериясының бекеттері) болды.
Барлық тапсырыс берушілердің қызығушылығы төмендегі жетілдірілген жылжымалы азоттық қондырғылар қатары тудырды: ТГА-5/101, ТГА-5/221 , ТГА-10/101, ТГА-10/251, ТГА-20/101, ТГА-20/251, ТГА 20/301, ТГА-25/20, ТГА 25/40 – номиналды өнімділік кезіндегі азот құрамы 95%. ТГА түрінің азоттық қондырғылары бұрын әзірленген СДА түрінің қондырғыларын алмастырушы болып табылады: СДА-5/101, СДА-5/221, СДА-10/101, СДА-10/251, СДА-20/101, СДА-20/251, СДА-20/301, СДА-25/20, СДА-25/40.
Тапсырыс берушілердің қызығушылықтары СДА азоттық генераторларының жетілдірілген, өнімділігі 60% артқан және жанармай шығыны кемітілген түрлеріне басым болды. Сатып алушылардың мұндай қызығушылықтары жақын арада жетілдірілген азот өндіретін СДА түрінің бекеттерінің сатып алушылардың қомақты сұранысына ие болып, жетістікті болатындығын білдіреді. Жылжымалы СДА-8/100, СДА-16/250, СДА-32/250 және СДА-32/300 қондырғылары – Ресейлік және халықаралық нарықтағы жалпыға танымал және көпшілік мойындаған СДА азоттық қондырғылар қатарының болашағы.
Көрмеде «Қызылжар Компрессор Зауыты» ЖШҚ және «Тегас» Компаниясының өкілдері арасында Ресей мен шет елдерде қызмет ететін мұнай-газдық және қызмет көрсетуші компаниялармен болашағы зор келісімдер жасалды.
Көрмеге белсенді қатысқаны үшін және компрессорлық қондырғылар жасау саласында,ы жетістігі үшін «Тегас» Компаниясы дипломмен марапатталды.
Көрме күнтізбесіне оралу <<








